
Қайырымдылыққа жиналған қаражатты жымқырғаны үшін сотталған «Biz birgemiz» қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайраттың автокөліктерінің бірі сатылымға шығарылды деп жазады Қазақпарат.
Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік нөмірі 777KPK01 болатын қара түсті Mercedes-Benz S450 көлігін сату туралы хабарландыру жариялады.
Көлік жиынтығында Pandora дабыл жүйесі бар кілт қарастырылған. Алайда аккумулятордың қуаты таусылғандықтан, көліктің техникалық жағдайын тексеру мүмкін болмаған. Авто 79 415 000 теңге деп бағаланған. Сауда 2026 жылғы 7 сәуірде сағат 10:00-де өтеді.
Қазір автокөлікті мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын нысанында тіркелген заңды тұлғалар ғана ала алады. Егер мемлекеттік органдардың иелігіне берілмесе, онда лот барлық ниет білдірушілер (жеке тұлғалар мен жеке компаниялар) үшін ашық сатылымға шығарылады.
Еске салайық, қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат алаяқтығы үшін 10 жылға сотталған еді. Қазір ол темірда жазасын өтеп жатыр.