Жаңалықтар

Қарағандыда жасөспірім мен анасын өлтірді деген күдіктінің мәйіті табылды

Қызылордада жасөспірім қайтыс болды/фото: shutterstock

Қарағандыда жасөспірім мен анасын өлтірді деген күдіктінің мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Алдын-ала мәліметі бойынша, ол өзіне қол салған.

«Криминалдық полиция қызметкерлерімен Ақтоғай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласында әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйітін табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өзіне тіркелген қаруды пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсаған», – деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бүгін таңертең Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінде бір әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған қызының мәйіті табылған. Тергеу мәліметінше, оларды зорлықпен өлтірген болуы мүмкін.