Жаңалықтар

Қазақстан-Ресей шекарасында өзеннің тасуына байланысты өткізу пункті жабылды

Қазақстан-Ресей шекарасында өзеннің тасуына байланысты өткізу пункті жабылды / Фото: Shutterstock

Берсуат өзенінің тасуына байланысты Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пункті арқылы қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Росгранстрой».

27 наурыздан бастап қазақстандық тараптан Белсуат автокөлік өткізу пункті арқылы адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу тоқтатылды. Ресей тарапында бұған Челябинск облысындағы «Мариинский» пункті сәйкес келеді.

«Қазақстан Республикасы тарапынан Берсуат өзенінің тасуына байланысты 2026 жылғы 27 наурыздан бастап шекаралас «Берсуат» автокөлік өткізу пункті арқылы тұлғаларды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды», — деп хабарлады ведомстводан.

Осыған байланысты ресейлік «Мариинский» өткізу пункті арқылы да қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Бұған дейін Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында су тасқынының шыңы байқалып жатқаны туралы жазған едік. Сонымен қатар, 2026 жылы Қазақстанда ірі су тасқынының болу ықтималдығы төмен, бірақ нөлге тең емес. Дегенмен, өзендердегі су деңгейінің қарқынды көтерілуін күтуге болмайтынын көрсететін белгілер бар.