
Digital Kazakhstan халықаралық форумында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун жасанды интеллект ұлттық платформасын таныстырды.
Біртұтас экожүйе суперкомпьютерлер, үлкен тілдік модельдер және 120-дан астам мемлекеттік деректер базасын біріктіріп, мемлекеттік секторда ЖИ-шешімдерін енгізудің негізіне айналғаны айтылды.
Платформа аясында азаматтар мен мемлекеттік аппарат үшін 50-ден астам мамандандырылған ЖИ-агенттері жасалған.
Қазіргі таңда ЖИ-көмекшісі 5,5 миллион сұраныстың 1 миллионнан астамын өңдеп, 16 мемлекеттік органның жұмысын жеделдеткен. Сондай-ақ қызметкерлер 400 мыңнан астам аударма жасаған қауіпсіз ЖИ-аудармашыны және отырыстарды автоматты хаттамалау жүйелерін қолданады.
Оқыту барысында 60 мыңнан астам қызметкер AI Qyzmet курстарынан өтіп, платформаны пайдаланушылар саны 15 мыңнан асқан. Инновацияның негізі ретінде мемлекеттік деректерді басқарудың орталықтандырылған моделі – AI DataHub қызмет етеді.
Осының арқасында eGov AI кеңесшісі 2 миллионнан астам сұранысты өңдеп, ХҚКО-ларға түсетін жүктемені азайтқан.
Қазіргі уақытта ЖИ-агенттері газ көрсеткіштерін есепке алу, 38 клиникадағы терапевтерге көмектесу және Qazaq Law жүйесі арқылы құқықтық кеңес беру жұмыстарына тартылған.
Сонымен қатар, AlemGPT негізіндегі жаңа модель баланы мектептен мектепке ауыстыру сияқты күнделікті процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.