Жаңалықтар

«Шахтерде» күтпеген өзгеріс: Дмитрий Огай маусым басталар алдында қызметінен кетті

Дмитрий Огай
фото: «Шахтер» баспасөз қызметі

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының тізгінін жақында ғана қолға алған тәжірибелі маман Дмитрий Огай өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді. Маусымның басталуына санаулы күндер қалғанда орын алған жайт желіде қызу талқыға түсті.

Дмитрий Огайдың мәлімдемесі

Дмитрий Огайдың айтуынша, Тимур Турлов пен Рохус Шох жасаған ұсыныстан бас тарта алмаған. Алайда оқу-жаттығу жиындары аяқталған соң, бірқатар себептерге байланысты басшылықтан өзін қызметтен босатуды сұраған.

«Біз мықты жаттықтырушылар штабын құрдық, маусым алдындағы жиындарды тиімді өткізіп, мақсатты орындай алатын команда жинадық. Дегенмен жиын аяқталған соң мен осындай қиын шешім қабылдауға мәжбүр болдым», – деді маман қоштасу хатында.

Айта кетейік, Дмитрий Огай 2025 жылдың 15 желтоқсанында «Шахтердің» бас бапкері қызметін тағайындалған еді.

Жанкүйерлердің наразылығы: «Келгені кеше еді ғой…»

Клубтың ресми хабарламасынан кейін әлеуметтік желілерде жанкүйерлердің сыни пікірлері толастар емес. Көпшілікті мазалайтын негізгі сұрақтар:

«Командамен толыққанды дайындық өткізіп, маусым қарсаңында кету қаншалықты қисынды? Бас бапкерсіз қалған клубтың биылғы Премьер-лигаға (ҚПЛ) оралу жоспары не болмақ? Команда ішінде немесе басшылықпен арада қандай да бір түсініспеушілік болған жоқ па?» деген пікірлер жазылып жатыр.

Тізгінді кім ұстайды?

Дмитрий Огайдың орнына клубтың аңыз ойыншысы Андрей Финонченко бас бапкер болады. Огай өз кезегінде Финонченконың басшылығымен команда алға қойған міндеттерді орындайтынына сенім білдірді.

Еске сала кетейік, қарағандылық «Шахтер» футбол клубы күні кеше ғана 26 наурызда өзінің жаңа құрамасын таныстырған еді.