Lifestyle

Жанболат пен Жазираның ұлы үйленді: 700 адамға арналған той қалай өтті (видео)

фото: скрин

26 наурыз күні Алматы қаласының ең еңселі орындарының бірі – Millennium мейрамханасында қазақ эстрадасының жарасымды жұбы Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек пен келіні Асылының үйлену тойы өтті.

450 мыңнан астам адам тойды көрді

Бұл той халық күткен той деуге болады. Мейрамханаға 700-ден астам қонақ жиналды. Сонымен қатар той YouTube платформасында тікелей эфирде көрсетіліп, желідегі көрермен саны 450 мыңнан асты.

Қалыңдықты ортаға қазақ эстрадасының жұлдыздары Қарақат Әбілдина мен Бейбіт Сейдуалиева алып шығып, келіннің ажарын аша түсті.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2026/03/whatsapp-video-2026-03-27-at-09.03.36.mp4

Тойдың шымылдығын белгілі айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан ашты. Олардың өткір әзілдері мен ұлағатты сөздері қонақтардың көңілін көтеріп, салт-дәстүрдің сәнін келтірді.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2026/03/whatsapp-video-2026-03-27-at-09.03.30.mp4

Тойдың батасын қазақ өнерінің ақсақалы Алтынбек Қоразбаев беріп, жастарға бақыт тіледі.

Жұлдызды сәттер мен сыйлықтар

Жастар өздерінің алғашқы вальсін Ернар Амандықтың орындауындағы хитке айналған «Кейіпкер» әніне биледі. Бұл сәт тойдың ең әсерлі сәтінің бірі болды.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2026/03/whatsapp-video-2026-03-27-at-09.04.27.mp4

Тойдың көркін ашқан жұлдыздар қатары аз болған жоқ:

Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Алтынай Жорабаева және т.б.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2026/03/whatsapp-video-2026-03-27-at-09.03.46.mp4

Жанболат пен Жазира қонақтарға да ерекше тосынсыйлар дайындаған екен. Кеш барысында бағалы сыйлықтар ұтысы ойнатылып, тойдың ең басты жүлдесі – темір тұлпар (автокөлік) ұтысқа қойылды.

YouTube video player