ЖИ-технологияларды шетелден сатып алмай, өзіміз жасайтын кез жетті – Мәдиев

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Жаслан Мәдиев ЖИ-өнімдерді шығаруға басымдық беру керек дейді / Фото: Жасанды интеллект министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан тек дайын шетелдік технологияларды сатып алумен шектелмей, енді өз өнімдері мен мамандарын шығаруға басымдық беруі тиіс. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Шымкентте өткен Digital Qazaqstan форумында мәлімдеді.

«Бүгінде технологиялық көшбасшылық тек инфрақұрылымға немесе инвестицияға ғана байланысты емес. Ең бастысы – адамдардың дамуына жағдай жасау және мықты технологиялық шешімдер жасау», – деді министр.

Өңірлік хакатон: 20 қаладағы бір мезеттік жарыс

Форум аясында еліміздің 20 өңірінде бір уақытта «Decentrathon 5.0» хакатоны басталды. Биыл бұл шараға 3 мыңнан астам бағдарламашы қатысып жатыр

Министрдің айтуынша, бұған дейінгі жарыстар көрсеткендей, жүлделі орындардың едәуір бөлігін ірі қалалар емес, аймақтардан келген командалар иеленіп жүр. Мұндай формат жергілікті жерлердегі мамандардың әлеуетін анықтауға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект мемлекеттік міндеттерді де шешеді

Биыл хакатон қатысушыларына алғаш рет нақты мемлекеттік тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, әзірлеушілер келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • Заңнаманы талдау: Жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен заңдардағы қайшылықтарды, бір-бірін қайталайтын немесе ескірген нормаларды анықтайтын құралдар жасау.
  • Ауыл шаруашылығын цифрландыру: Субсидия бөлу процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ЖИ-скоринг (автоматты бағалау) жүйесін енгізу.

Хакатон тек жарыс түрінде ғана қалмай, нақты нәтижеге бағытталған. Ең үздік шешімдер ұсынған командалар өз жобаларын alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында әрі қарай дамытуға мүмкіндік алады.

Бұл жобалардың болашақта мемлекеттік басқару жүйесіне немесе экономиканың түрлі секторларына енгізілуі жоспарланған.

Бұған дейін вице-министр Дмитрий Мун 2026 жылдан мемлекеттік қызметтерді AlemGPT арқылы алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз