
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Египетті баруға болмайтын елдер тізімінен шығарды. Әзірге мұндай тізімде әлі 13 ел бар.
«Бұл шешім аталған елдегі қазіргі жағдайды, сондай-ақ азаматтық инфрақұрылымның, оның ішінде халықаралық әуежайлар мен туристік аймақтардың жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып қабылданды», – деп түсіндірді СІМ.
Дегенмен министрлік Таяу Шығыстағы ахуалдың әлі де тұрақсыз екенін ескертіп отыр. Соған байланысты ел азаматтарын 13 елге бармауды сұрайды. Олар: Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Оман және Сирия.
Бұған қоса СІМ соғыс жүріп жатқан өңірде жүрген ел азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертті.