Lifestyle

Қайрат Нұртастың анасы мен жарын тойда бірге көрген көрермен қуанышын жасырмады

Гүлзира Айдарбекова мен келіні Жұлдыз
Ене мен келін / фото: Gulzira Aidarbekova / Instagram

Елімізге белгілі әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова мен әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасына қатысты сөз желіде жиі айтылады. Көбіне екеуін бір-біріне суық деп сынайтын. Күні кеше тойда екеуінің құшақтасып, билеп жүргенін көрген оқырман қуанып жатыр.

Гүлзира мен Жұлдыз күні кеше Жанболат пен Жазираның шаңырағындағы қуанышты бөлісіп, Қазбектің үйлену тойына бірге барды. Қайраттың анасы тойдан үзінділер салып, оған қоса сол қуанышқа образ дайындап берген дизайнерді белгілеп видео салған еді. Кадрларда Жұлдыз екеуінің құшақтасып, жылы сөйлесіп жатқан сәттері таспаланған.

Оны көрген оқырман қуанышын жасыра алмай, қызу талқыға салды. «Келініңізбен көрікті болып жүрсіздер. Жарасып тұр. Керемет» деп жазып жатыр. Әйтсе де, Айдарбекованың жапон стиліндегі образына сын айтып жатқан адам аз емес. «Үйдегі халат сияқты, жапон стилі сізге жараспайды екен», «Әшейінде әдемі киінесіз. Мынау кимоно тойға болмайды-ау. Ерсі көрінеді екен. ренжімеңіздер» деген пікірлер бар.

Үйде дастархан басынан салынған stories-те де Жұлдыз шай құйып отыр. Мұндай көріністі көптен көрмеген оқырман іле-сала пікір білдіріп жатты. «Нұртас әулетінің немерелерін көбейтіп отырған Жұлдыз сияқты келін, жар табылмас», «Жұлдызды осы үйден көрсек қуанамыз», «Қайта-қайта қарап жатырмын мына стористі» деп қуанып жатыр оқырман.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ата-енесін шақырып қоныстой жасағаны туралы жазған едік.