«Қайрат» пен «Зенит» футбол матчын қайдан көруге болады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Кайрат, Брюгге, Лига чемпионов
Алматылық клуб Ресейде ойнайды / фото: «Қайрат» ФК

28 наурызда кешке «Қайрат» (Алматы) мен «Зенит» (Санкт-Петербург) жолдастық кездесу өткізеді.

Питердегі кездесу

Матч Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 21:00-де басталады.

Тікелей эфир Kairat TV YouTube-арнасында көрсетіледі. Ойынға мына сілтеме арқылы өте аласыз.

Кешігіп жетті

Айта кетейік, «Қайрат» футболшылары Санкт-Петербургке кешігіп жетті. Өйткені қала әуежайы уақытша жұмыс істемей, алматылықтар 27 наурызда Мәскеуге қонуға мәжбүр болды. Олар матч өтетін қалаға автобуспен барды.

Қайрат футболшысы Ресейде
Алматылықтар Санкт-Петербургке автобуспен барды / фото: «Қайрат» ФК

Жұма күні қайраттықтар «Зенит» футбол клубы базасында жаттықты.

«Қайрат» құрамы

Бапкер Рафаэль Оразбахтин жолдастық кездесуге 18 футболшыны тіркеді.

Қақпашылар: Данила Буч, Бахтияр Алдашев.

Қорғаушылар: Александр Мартынович, Луиш Мата, Лукас Африко, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Адлан Нұрғалиев, Мұстафа Шен, Абдуләзіз Мәмедов.

Жартылай қорғаушылар: Дан Глазер, Себастьян Себальос, Әділет Садыбеков, Шыңғыс Дүйсенбек.

Шабуылшылар: Эдмилсон, Рикардиньо, Дәулет Орынбасар, Нилеш Шарма.

Сондай-ақ оқыңыз