
28 наурызда кешке «Қайрат» (Алматы) мен «Зенит» (Санкт-Петербург) жолдастық кездесу өткізеді.
Питердегі кездесу
Матч Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 21:00-де басталады.
Тікелей эфир Kairat TV YouTube-арнасында көрсетіледі. Ойынға мына сілтеме арқылы өте аласыз.
Кешігіп жетті
Айта кетейік, «Қайрат» футболшылары Санкт-Петербургке кешігіп жетті. Өйткені қала әуежайы уақытша жұмыс істемей, алматылықтар 27 наурызда Мәскеуге қонуға мәжбүр болды. Олар матч өтетін қалаға автобуспен барды.

Жұма күні қайраттықтар «Зенит» футбол клубы базасында жаттықты.
«Қайрат» құрамы
Бапкер Рафаэль Оразбахтин жолдастық кездесуге 18 футболшыны тіркеді.
Қақпашылар: Данила Буч, Бахтияр Алдашев.
Қорғаушылар: Александр Мартынович, Луиш Мата, Лукас Африко, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Адлан Нұрғалиев, Мұстафа Шен, Абдуләзіз Мәмедов.
Жартылай қорғаушылар: Дан Глазер, Себастьян Себальос, Әділет Садыбеков, Шыңғыс Дүйсенбек.
Шабуылшылар: Эдмилсон, Рикардиньо, Дәулет Орынбасар, Нилеш Шарма.