
Digital Qazaqstan 2026 форумы аясында елдің үздік технологиялық стартаптары анықталды. Байқау жүлдегерлері қомақты сыйақыға ие болды.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген стартаптар бірнеше ай бойы 19 млн теңге жүлде қоры үшін жарысты. Digital Qazaqstan Battle финалында республика бойынша іріктелген 20 үздік жоба өнімдерін көрсетті.
Тартысты өткен финал қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бас жүлде – 10 млн теңге gro.now (Алматы) жобасына бұйырды. Ол – маркетингтік зерттеу және нарықты талдау платформа.
Екінші орын мен 5 млн теңгені Cortex AI (Қызылорда) иеленді. Ол – бүйрек трансплантациясынан кейінгі асқыну қаупін болжайтын медициналық жүйе.
Үшінші орын және 3 млн теңге AR Sana (Астана) жобасына – балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға арналған health-tech платформасына берілді.
Көрермендер таңдауы бойынша Qalam AI (Шымкент) стартабы 1 млн теңге сыйақыға ие болды. Ол қағазға жазылған мәтінді танитын және оны талдап, реттейтін «ақылды қалам».
Digital Qazaqstan 2026 форумы серіктестер мен демеушілердің қолдауының нәтижесінде Шымкент қаласында ұйымдастырылды. Фоумның бас серіктесі – Freedom Bank.