
Танымал әнші Абай Бегейдің 26 наурызда сегізінші баласы дүниеге келді. Жанболат пен Жазираның үйіндегі тоймен тұспа-тұс келген күні босанып қалған Фариза (әншінің жары) процестің қалай болғанын оқырманға айтып берді.
Абай Бегейдің бірінші некесінен бір ұл, үш қызы бар. Ал екінші жары екі ұл, екі қыз сыйлады. Кішкентайлы болғанын сүйіншілеп салған соң, әншінің әйелі Фариза төртінші баласын қалай босанғанын бүкпесіз жайып салды. Айтуынша, 25 наурызда түнімен тісі ауырып, толғақ қысқан.
«Тісімнің қатты ауырғаны сонша щеткамен қызыл иекті қанатып тастаппын. 26-на аср намазын оқып болып, белім ұстады. Болды, анық босанам деп ойладым. Екі капсула қара зере ішіп, салмағымды өлшеп, фотоға түсіп алдым. Күйеуіме «ал, кеттік» десем, ол «басымды жуып үлгеремін бе, қазір Жанболат пен Жазираның тойы ғой» дейді.
Сағат 17:25, күйеуім бас жуып, бір кесе шай ішті. Толғақ қатты қысып жатыр. Жол кептеліс. Қазір ұрсысып қаламыз деп екеуіміз екі жақта зікір тартып отырдық. Үндеместен. Түрім ағып кеткен. Толғақ санап отырмын. Бір жағынан 26.03.2026 босансам деп мәзбін», – деп еске алды сол сәтті блогер.
Сағат кешкі жетіге таяу іштегі қағанақ суы жасыл боп кеткенін естіген. Дәрігерлер қазір бала қиналса, кесарь тілігімен алуымыз мүмкін деген.
«Тек балаға зияны тимесе екен деп, толғақты – бәрін ұмытып кеттім. 20:07-де босандым. Шүкір. Операция деген сөз маған қатты травма болды. Есіме арқадан ұзын ине салатыны есіме түскен. Еркеден білемін ғой. Соның бәрін ойлап, дәрігер «күшен» десе соған реауция бере алмай қалғам ғой. Әр жүкті әйелге Алла күш-қуат берсін. Аман-емен босанып, бөпелеріңізді бауырларыңызға басыңыздар», – деп тілегін жеткізді Фариза.
Босанған соң Абай мен Фариза перзентханада суретке түсіп, артынша әнші Жанболат пен Жазираның тойына кеткен.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Абай Бегейдің қызды болғаны туралы жазған едік.