Жаңалықтар

Найзағай, тұман, су тасқыны қаупі: 30 наурызға ауа райы болжамы

Фото: shutterstock

30 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, тұман, жел күшейеді деп күтілуде. Кейбір аймақтарда су тасқыны қаупі бар.

Дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 17 өңірде дауылды ескерту жариялады: Атырау облысы, Ақмола облысы, Абай облысы, Павлодар облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Ұлытау облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Жетісу облысы, Түркістан облысы және Батыс Қазақстан облысы.

Жаңбыр, найзағай және жел

Ұлытау облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облыстарында жел екпіні күшейіп, жылдамдық 15–20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында күндіз жаңбыр мен найзағай, ал түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с жылдамдыққа жетеді.

Маңғыстауда да түнде жаңбыр мен найзағай, ал күндіз барлық облыс аумағында болады. тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Тұман

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарын тұман торлайды.

Су тасқыны қаупі

  • Абай облысы-нда 29–31 наурызда қардың қарқынды еруі жалғасады. Түнде −3°C–тан +2°C-қа, күндіз 10–17°C-қа дейін, оңтүстікте +22°C-қа дейін жетеді. Өзендердің арнасында су деңгейі көтерілуде. Бұл дегеніміз су тасқыны қаупі бар.
  • Павлодар облысында күндіз 15–20°C, түнде 0–5°C болғандықтан қар тез еріп жатыр. Су тасып, жолдар мен тұрғын үйлерді су басу қаупі бар.

Су деңгейі қауіпті межеге жақындады

Қарағанды облысында өзендерде су деңгейі көтерілуде. Мысалы, Есіл өзені, Приишимское бекетінде су деңгейі 354 см, қауіп шегі 385 см. Новостройка ауылындағы Талды өзенінде су деңгейі 479 сантимертге жетті, қауіп шегі 555 см.

Мамандардың айтуынша, су деңгейі жоғарғы ағыстардан келіп, қауіпті межеден асса, елді мекендер, жолдар мен өзен аңғарындағы нысандар су басуы мүмкін.