Tesla-ның басты бәсекелесі BYD пайдасы төрт жылда алғаш рет төмендеді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
BYD автогиганты тауар бағасын түсірген соң акциялар құнсызданды / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
BYD төрт жылдан кейін алғаш рет кірісінің төмендегенін хабарлады / Коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қытайлық BYD төрт жылдан кейін алғаш рет жылдық пайдасының шамамен 20%-ға азайғанын мәлімдеді.

BYD-дың жылдық пайдасын 32,6 млрд юаньға ($4,72 млрд) жеткенін хабарлады, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 20%-ға аз және компанияның күткенінен 8,4%-ға төмен.

Табыстың төмендеуінің негізгі себебі – Қытай нарығындағы сауда соғыстары болып отыр. Осының салдарынан компания нарықтағы үлесін жоғалтып отыр. Мәселен, 2026 жылдың алғашқы екі айында BYD үлесі шамамен 17%-ды құрады, ал бір жыл бұрын 27% болған.

Нәтижелердің нашарлауы

Ең қиын кезең – 2025 жылдың төртінші тоқсаны болды, ол кезеңде пайда 38%-ға төмендеп, 9,53 млрд юань болды. Өткен жылғы жалпы кіріс (804 млрд юань) нарық күткенінен (836 млрд) аз болып, 2024 жылмен салыстырғанда тек 3,5%-ға өсті. Кіріс тек экспортты көбейту арқасында өсті, ол өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға артық пайда әкелді.

BYD-ның операциялық ақша ағыны да 50%-ға төмендеді, ал қарыздары төрт есе көбейді. Дегенмен компания капиталдық шығындарды жабу үшін жеткілікті қаражат қоры барын мәлімдеді.

Акциялардың өсуі

Барлық қиындықтарға қарамастан, BYD акциялары көтеріліп келеді. Инвесторлар Орта Шығыстағы соғыс жағдайында болашақтағы табыстың жақсы болады деген болжам жасап отыр. Айтуларынша, нарық қақтығыс аяқталғаннан кейін жасыл энергетика ұзақ мерзімге өседі. Соғыстың басталуынан бері компанияның акциялары 17,5%-ға қымбаттады, бірақ 2025 жылғы мамырдағы шарықтау деңгейінен әлі 22%-ға төмен болып тұр.

Компания халықаралық нарыққа шығуды жалғастырып, жыл сайын 10 млн көлік сатуды жоспарлап отыр, оның жартысы Қытайдан тыс елдерге тиесілі болады.

Жуырда BYD компаниясы жылдам зарядтау функциясы бар жаңа Fang Cheng Bao Ti3 және Fang Cheng Bao Ti7 модельдерін таныстырған болатын. Бұл көліктер әлемдік нарықта BYD Ti3 және BYD Ti7 атауларымен сатылады.

Сондай-ақ оқыңыз