
30 наурызда Астананың бірнеше көшесіндегі тұрғын үйлер уақытша газдан ажыратылады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Астана Өндірістік Филиалы хабарлайды: Құлтума ақын көшесі 25/1 мекенжайында жаңадан газдандырылған нысанды Көктал-1 тұрғын алабы ауданындағы ГРПШ-8 орта қысымды газ құбырына қосу бойынша жоспарлы жұмыстың жүргізілуіне байланысты, 30 наурыз күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін халыққа газ беру уақытша тоқтатылады. Осыған байланысты, газ есептеу құралдары мен газ жабдықтарының бұзылу қаупін болдырмау үшін, үйлердің сыртында, газ құбырының кіреберісінде орналасқан авариялық газ крандарын жабуды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Әкімдік, жұмыстар толық аяқталғанға дейін сыртқы газ крандарын өздігінен ашуға қатаң тыйым салынатынын ескертті. Себебі бұл газ есептеу құралдары мен газ жабдықтарының істен шығуына әкелуі мүмкін.
Жұмыс аяқталғаннан кейін абоненттерге газ берудің қайта қосылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Аталған жұмыс келесі көшелердегі үйлерге әсер етеді: Басықара батыр, Нұрбесік, Бақтыбай ақын, Құлтума ақын, Танжарық Жолдыұлы, Базарлық, Ақтолқын, Бастаңғы, Сұлама қиылысы, Ізенді, Болашақ қиылысы.
Барлық сұрақ бойынша «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ авариялық-диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады: (7172) 55-89-76; WhatsApp: 8 705 597 0204.