iPhone 18 Pro: дизайны мен түсі қандай болады

Жарияланды 29 Наурыз 2026 11:15

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
IPhone 18 Pro негізгі нұсқасының құны 1,2 мың доллардан басталады / Фото: India Today

Жаңа iPhone-ның күзде өтетін тұсаукесеріне әлі көп уақыт бар, алайда ғаламтор желісінде болашақ iPhone модельдері туралы пікірталастар басталып кетті. India Today басылымы iPhone 18 Pro және 18 Pro Max флагмандары жөніндегі ішкі ақпараттарды жинақтаған.

Ондағы мәліметке сүйенсек, смартфондардың артқы панелі енді екі түрлі түсті, толық шыныдан жасалады, ал Dynamic Island кесіндісі кішірейеді. Сондай-ақ жаңа корпус кофе, күлгін және қою қызыл түстерде болады деп күтілуде. Дисплей өлшемдері бұрынғыдай қалады: Pro нұсқасында 6,3 дюйм, Pro Max-та 6,9 дюйм.

Смартфондардың негізгі техникалық жаңалығы – A20 Pro процессоры. Жаңа чиптің алдыңғысына қарағанда 15% жылдамырақ жұмыс істейтіні және 30% аз энергия тұтынатыны күтілуде. iPhone 18 Pro бағасы шамамен 1,2 мың доллардан (588 мың теңге ) басталады.

Камера блогында да маңызды өзгерістер болады, ол 48 Мп үш объективпен жабдықталады. Негізгі модуль Samsung сенсорымен және ауыспалы диафрагмамен келеді, бұл түнгі түсірілім сапасын жақсартуы тиіс.

Жаңа смартфондар ресми түрде қыркүйекте таныстырылуы керек. Ал базалық iPhone 18 моделі 2027 жылға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін Apple жаңартылған MacBook Air және MacBook Pro модельдерін таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыз