АҚШ Иранға қарсы жер операциясына әскерін дайындап жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: The Washington Post

АҚШ Иранға қарсы жердегі әскери операцияларды жүргізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Алайда әскер енгізу туралы соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Сонымен қатар, Пентагон теңіз жаяу әскерін және арнайы мақсаттағы күштерді пайдалану сценарийлеріне дайындалуда. Бұл туралы The Washington Post хабарлады.

Иранмен соғыс жерде жалғаса ма

Америкалық әскерилер Иранда шектеулі жер операцияларын жүргізуге арналған жоспарлар әзірлеуде. Бұл толыққанды басып кіру емес, тек уақытша рейдтер мен нақты нысандарға бағытталған соққылар жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, жоспарларда стратегиялық маңызды нысандарды, оның ішінде мұнай терминалдары немесе жағалаудағы әскери базаларды басып алу операциялары болуы мүмкін. Негізгі ықтимал бағыттардың бірі ретінде Харг аралы аталады, бұл Иран мұнайын экспорттайтын маңызды орталық.

Пентагон тез әрекет ете алатын мобильді күштерге, яғни теңіз жаяу әскеріне және арнайы бөлімшелерге сенім артып отыр. Олар тапсырмаларды жылдам орындап, территориядан шығуға қабілетті. Бұл тәсіл қауіпті, өйткені Иран асимметриялық соғыс жүргізу мүмкіндігіне ие, атап айтқанда дрондар, ракеталар және жақсы дайындалған құрлық әскерлері бар.

АҚШ аталған операция жоспарынан бөлек, Орта Шығыстағы әскери позициясын күшейтіп жатыр. Аймаққа мыңдаған әскери қызметкер жіберілген, соның ішінде теңіз жаяу әскерлері мен десантшылар бар.

Бұл мобильді күштерге теңіз жаяу әскер бөлімдері мен 82-ші әуе-десант дивизиясы жатады. Олар қақтығыс күшейген жағдайда әрекетке көшуі мүмкін. Дегенмен, бұл күштер толыққанды соғысқа жеткілікті деңгейде емес, бұл Вашингтонның сақтық танытып отырғанын көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ тез әрекет ету мүмкіндігін сақтай отырып, ұзаққа созылатын жердегі операциялар мен үлкен шығындарды барынша болдырмауға тырысады.

Трамптың жоспары қандай?

АҚШ президенті Дональд Трамп жердегі операция бастау ниетін реми растамады, бірақ мұндай сценарийді жоққа шығармайды.

Ақ үйде қазір негізгі басымдық әуе соққыларға, экономикалық қысымға және дипломатиялық келіссөздерге жасалып отырғаны айтылып отыр. Сонымен қатар, әскери жоспарлау қақтығыс кенеттен күшейген жағдайда дайындық ретінде жүргізілуде.

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы соғыс әлі аяқталмағанын, әлі көзі жойылуы тиіс 3554 нысан бар екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз