Қоғам

Адвокат Жанабыловтар ұтыс ойнатудан пайда таппаған деп санайды

Гаухар Айтжанова сотта сөйледі/фото: Айгерім Таубай

Астана сотында блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Сотталушылардың адвокаты Гаухар Айтжанованың айтуынша, блогерлер ұтыстан пайда таппаған, керісінше миллион теңге артық шығындалған.

«Zhana Business» ЖШС 2025 жылдың 21 тамызынан бері 10 081 760 теңге салық төлеген. Компанияның депозиттегі шотына 26 тамыздан қазірге дейін 560 501 теңге пайда түскен. Қазір бұл қылмыстық істе заңдастырылған ақша деп қаралып жатыр.

21 тамыз бен 17 қараша аралығында курс сатудан түскен пайда 246 613 1 229 теңгені құрады. Ал сол аралықтағы «Zhana Business» ЖШС шығыны – 248  356 106 теңге», – дейді адвокат Айтжанова.

Алайда қылмыстық істегі прокурор Олжас Хайруллаев сотталушы осы аралықта шоттан 45 млн теңге шешкенін айтады.