Жаңалықтар

AIRAN редакциясы қазіргі бренд атауымен қызметін тоқтатынын мәлімдеді

Шымкентте журналист 10 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді
фото: ашық деректен

AIRAN редакциясы қазіргі бренд аясында жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы жобаның бас редакторы Дәурен Меркеев хабарлады.

«Біраздан бері жағдайымыз қиындап кеткен еді, күн өткен сайын одан әрі нашарлай түсті. 13 наурызда нақты шешім қабылдадық. Біз соңғы төрт жыл бойы сақтап келген қағидаттар мен ережелер аясында ары қарай жұмыс істей алмайтынымызды түсіндік. Мәселемізді шеше алмадық», – деді Дәурен Меркеев каналдағы сұхбатында.

Сондай-ақ ол кейбір оқырмандар жазғандай Дариға Назарбаеваға және оның айналасындағы адамдарға еш қатысы жоқ екенін де атап өтті.

Бұған дейін маркетолог Әлима Пардашева телеграм арнасында AIRAN соңғы екі аптада каналына бірде-бір видео жарияламағанын жазған еді.

AIRAN – видеожурналистикамен айналысатын ірі медианың бірі, редакция Алматыда орналасқан. Құрылтайшысы Дәурен Меркеев және Маржан Елшібаева. Орыс тілді парақшасында 1,18 млн  адам жазылған, ал қазақша парақшасында 198 мың жазылушы бар. Ең танымал видеолары 2-4 млн қаралым жинайды.

Осыған дейін журналист Ботагөз Омарованың ұсталғанын жазған едік. Сот оны «көрінеу жалған ақпарат тарату» ісі бойынша екі айға үйқамаққа жіберді.