«Асты да, үсті де бәрі әдемі»: Ділназ Ахмадиева Мақсат Рақметтің биіне тәнті болды

Жарияланды 30 Наурыз 2026 09:26

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

«Cover Show» жобасының жаңа маусымы көрерменге жол тартты. Алғашқы шығарылымда сахнаға латынамерикалық стилдегі бимен шыққан Мақсат Рақмет өзінің харизмасымен қазылар алқасын, әсіресе танымал әнші Ділназ Ахмадиеваны таңғалдырды.

«Сөз жоқ, керемет!»

Мақсат Рақметтің сахнадағы еркін биі мен нық қимылдары Ділназдың делебесін қоздырғаны соншалық, ол өз таңданысын жасыра алмады. Әнші қатысушының образына сүйсіне отырып, оның вокалдық диапазонына да ерекше тоқталды.

«Маған бәрі ұнады! Сөзім жоқ, шынымды айтсам… Жоғары жағы да, төменгі жағы да бәрі әдемі. Дауысты айтамын әрине!» – деп ағынан жарылды Ділназ.

Мақсаттың бұлай еркін билеп, образға енуі кездейсоқ емес. Актер әрі әнші театр сахнасында Гарсиа Лорканың спектаклінде испандық кейіпкерді сомдағанын айтып берді.

Сондай-ақ оқыңыз