
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады. Шенеуніктер бәс тіккені үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайды.
«Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, «Olimpbet» және «1XBET» букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды», – деп таратты құзырлы мекеменің баспасөз қызметі.
Прокуратура «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратынын, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салатынын ескертті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында болады.
Естеріңізге сала кетейік, наурыздың басында елдегі букмекерлік кеңселер, солардың ішінде «Olimpbet» пен «1XBET» ақша төлеуді уақытша тоқтатқан. Ал өткен аптада букмекемрлік мекемелер табыстың бір бөлігін спорт пен медицинаны қаржыландыруға аударатыны мәлім болған.