Lifestyle

Димаш қайда жоғалып кетті

Димаш қайда жоғалып кетті / Фото: Instagram / Dimash Kudaibergen

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін қуантып, Instagram парақшасына жаңа жазба жариялап, жаңа фотосуреттерімен бөлісті.

«Көптен бері хабарласпадық, қалайсыздар? Үй іші қалай, не жаңалық? Өздеріңізбен амандасып, жағдайларыңызды білгім келді. Менде шүкір, жұмыс көп, жүгіріп жүрмін», – делінген Димаштың жазбасында.

Димаштың жазбасына сүйенсек, ол апта сайын эфирде жүріп жатқан алғашқы жобасы «Voice Beyond Horizon» байқауының түсірілімі кезінде жасаған фотосессия суреттерімен бөлісті.

Айта кетейік, осыған дейін Алматының қақ ортасында орналасқан әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген бейнеленген мурал боялып тасталғаны туралы жазған едік. Бұл қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды.