
Динара Сәтжан алданып қалған Жұлдыз Әбдікәрімованың үйін қайтаруға қалай көмегі тигені туралы айтып берді.
Тележүргізушінің пікірінше, ол құны 170 миллион теңге тұратын үйді иесіне қайтаруға өзі жүргізген сұхбаттың ықпалы болған.
«Мен бұл сұхбатты бір жылдан астам күттім. Өткен жылдың қаңтарында біз Жұлдыз Әбдікәрімовамен қалай алданып, баспасынан айырыла жаздағаны туралы әңгіме жазып алған едік. Оның сенімін пайдаланып кеткен. Сол кезде бұл жағдай шешілмейтіндей көрінген. Бірақ сұхбаттың күші – шындықты ашуда», – деп жазды Динара Сәтжан.
Қиындыққа қарамастан, ол әділеттілік орнап, үйдің ақшасы қайтарылады деп сенімді болған. Ақырында солай болып шықты.
«Бар болғаны бір жылдың ішінде Жұлдыз жаңа пәтер сатып алды. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас отбасында Рабия-Сұлтан есімді сәби дүниеге келді. Өмірдің әрдайым өз қызық сценарийлері болады. Ең бастысы – ниет!», – деп жазды тележүргізуші.
Актриса үйін қайтаруға көмегі тисе, Динара Сәтжан мен оның командасын жаңа пәтерге ет асып шақыруға уәде беріпті. Сол уәдесін орындаудың сәті кеше түскен.
Динара Сәтжан Жұлдыздың үйінде Қайрат Нұртасты да жолықтырғанына қатты қуанғанын жеткізді.
Мұның алдында Жұлдыз Әбдікәрімова анасына Астанадан пәтер сыйлаған болатын.