KUVA-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталды

30 наурызда «Қайтарылған активтерді басқару компаниясында» (KUVA) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу басталды. Бұл туралы шағын ақпарат Қаржы министрлігінің сайтында жарияланды.
Қаржы министрі Мәди Такиевтің тиісті бұйрығы 2026 жылғы 17 наурызда шыққан. KUVA қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 12 мамырға дейін созылады.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» 2023 жылғы 21 қыркүйекте құрылды. Ол 100% мемлекетке тиесілі. Мақсаты – заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару және басқару.
Үш жылға жуық уақыттың ішінде KUVA ірі салық төлеушіге айналды. Мәселен, 2025 жылы компания мемлекеттік қорға 50,5 млрд теңге аударды. Мекеме былтыр 4,3 млрд теңге салық төледі.
Айта кетейік, KUVA 2026 жылғы 8 cәуірде Алматы қаласында орналасқан «Байсат» базарын 28,6 млрд теңгеге электронды аукционда сатады. Сауда орталығы Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған.
Ал бір күн бұрын, яғни 7 сәуірде Сатыбалдыдан қайтарылған Kaisar Plaza сауда және кеңсе орталығын 61,5 млрд теңгеге сатылғалы жатыр. Ғимарат Алматы қаласының орталық ауданында орналасқан.