
Ұзақ уақыт бойы көпшілік көзінен тасада болып келген Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйел Әсел Исабаева желіге қайта оралды.
Әсел Исабаеваны Астана опера ғимаратында кәсіби фотограф Мирас Баянов түсірді.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Менің өмірім» атты мемуарында екінші отбасы туралы алғаш рет ашық жазған болатын. Кітапта ол «Қазақстан аруы – 1999» титулының иегері Әсел Исабаевамен қалай танысқанын және одан екі ұлы – Тауман (2005 ж.т.) мен Байкеннің (2008 ж.т.) дүниеге келгенін баяндаған.