Lifestyle

«Шындықтың бетін ашатын кез келді»: Bayansulu мәлімдеме жасады

фото: instagram

Композитор Қуат Әбілдің «бес бірдей хит әнім үшін қаламақы алмадым» деген мәлімдемесінен кейін, әнші Bayansulu (Баянсұлу Сағындықова) мәлімдеме жасады.

«Басқа амал қалдырмады»: әншінің жауабы

Әнші өзінің ресми телеграм арнасында жанкүйерлеріне үндеу жасап, жақын арада оқиғаның мән-жайын толық түсіндіретінін жеткізді. Баянсұлудың айтуынша, ол осы уақытқа дейін жағдайды ушықтырмауға тырысқан.

«Барлығыңызға сәлем. Сіздер де көріп жатқан шығарсыздар. Адам баласына зияным тимесін деп өзімді барынша ұстап едім, бірақ маған басқа амал қалдырмады. Барлық шындықтың бетін ашатын кез келді. Менен жауап күтіңіздер», – деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін композитор Қуат Әбіл «Ұмытсам да», «Сондайым бар енді», «Ауа райы», «Күтемін» және «Lalala» әндері үшін тиісті гонорар төленбегенін айтып, видеоүндеу жариялаған болатын.