Жанабыловтар сотында блогер Дархан Жолшыбеков куә ретінде жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Блогеры Жанабыловы отправлены под домашний арест по делу с розыгрышами
Жанабыловтар соты жалғасып жатыр/фото: Instagram

Астанада ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың соты жалғасып жатыр. 2026 жылдың 30 наурызындағы сот отырысына куә ретінде блогер Дархан Жолшыбеков келді. Сөзінше, Жанабыловтарды 5-6 жылдан бері таниды.

2024 жылы да өзі де электрондық коммерция бойынша курс сатқан. Сол үшін 2025 жылы қаңтар-ақпанда әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ол Жанабыловтармен байланыста болғанын айтты. Алайда әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қатысты Жанабыловтардың сұрап-сұрамағаны есінде жоқ екенін жеткізді.

Қылмыстық істегі прокурор Олжас Хайруллаевтың сөзінше, Жолшыбеков тергеу барысында басқаша жауап берген.

Сондай-ақ Жолшыбеков Жанабыловтардың қандай курс сатқанынан хабары жоқ екенін айтты.

Істің мән-жайы

2025 жылдың 15 қыркүйегінде Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша қозғалған әкімшілік істі тоқтатып, жаңа қаулы шығарды. Істе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар болғандықтан, Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. 

Қаржы мониторингі агенттігі ақпаратына сүйенсек, Instagram әлеуметтік желісінде 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты өзіне тіркелгендердің сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. 

Іс материалдарына сәйкес, Ерболат Жанабыловтың 2024 жылғы Lamborghini Urus автокөлігінің құны – 237 млн теңге. Ал Эльмира Төлегенованың Lexus LX 600 көлігі 78 млн теңге тұрады.

Ал қылмыстық істегі жалпы шығын 247 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз