Әл-Фарабидегі жол апатындағы марқұмның туысымен қарсы тарап келіспек болған

Әл-Фарабидегі жол апатынан қайтыс болған жүргізушінің туыстарымен қарсы тарап келісімге келмек болған. Бұл туралы адвокат Олег Чернов 31 арнаға берген сұхбатында айтты.
Олег Чернов қайтыс болған 29 жастағы жүргізуші Еламанның мүддесін қорғайды. Айтуынша, айыпталушы тарап Еламанның туыстарымен келісуге тырысқан, бірақ марқұмның отбасы бас тартты. Марқұмның артында алты жастағы ұлы қалды.
Камерада жазба сақталған ба?
Қазір адвокат апат болған жердегі камералардағы бейнежазбаларды алып, күдіктінің сол күні кімге хабарласқанын анықтамақшы.
«У Афанасича» мейрамханасы мен ойын-сауық мекемесінен чекті және бейнежазбаларды тәркілеуді көздеп отырмыз. Қазіргі таңда олардың бейнекамералары істемейтіні немесе жазбаның сақталмағаны анықталды. Жүргізушінің алкогольдік ішімдіктер сатып алған-алмағанын анықтау үшін банктік құжаттарды сұратып алу қажет», – деді Олег Чернов.
Оның сөзінше, қазір күдікті ауруханада, жағдайы қандай екені белгісіз. Бірақ жақын арада тергеу изоляторына ауыстырылады деген болжам бар.
Еске салайық, Әл-Фарабидегі үш адам қайтыс болған жол апатының соңы дауға ұласты. Кей куәгерлердің сөзінше, апатқа себепкер деген күдіктінің жанында полиция қызметкері де болған. Қалалық ПД бұл деректі тексеріп, анық-қанығын білуге уәде берді.