Әсет Матаев екі айға үй қамаққа шықты
Жарияланды

Сот аппеляциялық шағымнан кейін Әсет Матаевты екі айға үй қамаққа шығарды. Бұл туралы оның қррғаушысы хабарлады.
«КазТАГ» ақпарат агенттігінің иесі Әсет Матаев ұсталғаны туралы 18 наурызда ақпарат тарады. ІІМ дерегінше, 17 наурызда төрт адамның ортасында жанжал шыққан. Оның соңы ары қарай төбелеске ұласқан. Полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
20 наурызда Әсет Матаев екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.