Асаубаева Үміткерлер турнирінде 2 ұпаймен көшбасшы болды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Үміткерлер турнирінің үшінші турында сенсациялық жеңіске жетті.
Блицтен әлемнің екі дүркін чемпионы, қазақстандық Бибісара қара фигуралармен ойнап, турнирдің фавориті – қытайлық Чжу Цзиньэрді (2026 жылдың наурыз айындағы әлемдік рейтингтің екінші нөмірі) тізе бүктірді.
Турнирдің басында үндістандық шахматшы Рамешбабу Вайшалимен және Александра Горячкинамен (ФИДЕ) болған екі тең ойыннан кейін, бұл жеңіс Бибісараны турнир көшбасшыларының қатарына шығарды.
Қазақстандықтың келесі қарсыласы тағы бір қытайлық – Тань Чжунъи болмақ. Сондай-ақ, Асаубаеваның қарсыластары арасында Дивья Дешмукх (Үндістан), Екатерина Лагно (ФИДЕ) және Анна Музычук (Украина) бар.
Турнир жеңімпазы әйелдер арасындағы шахмат тәжінің қазіргі иегері – қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен әлем чемпионы атағы үшін ойнау құқығына ие болады.