Атырауда жастар Ұлттық банк ғимаратының шатырында фотосессия ұйымдастырған
Жарияланды

Атырауда үш жігіт Ұлттық банк ғимараты шатырына шығып, фотоға түскен. Әлеуметтік желіде олардың фотоға түсіп жатқан сәті түсірілген видео тарады.
Атырау облысы полициясының хабарлауынша, олар ғимараттағы мемлекеттік туды ауыстыру үшін шатырға шыққан. Сол кезде бірнеше фотоға түскен.
Полиция олармен профилактикалық жұмыс жүргізді.