«Бұрынғы күйеуім үйленсе, шын бақытты болар едім» – Баян Алагөзова

Жарияланды 31 Наурыз 2026 16:10

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Баян Алагузова
Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі жайлы айтты / Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy, бильд-редактор: Дастан Шанай

Танымал продюсер Баян Алагөзова Qazaq Ordasy YouTube-арнасына берген сұхбатында бұрынғы күйеуінің үйленуіне қатысты алғаш рет пікір білдірді.

«Суреттерді көрдім, жасырмаймын»

Желіде Бақытбек Есентаевтың басқа әйелмен түскен суреттерінің таралуына қатысты Баян Алагөзова бұл ақпараттан хабардар екенін растады.

«Иә, желіде тараған суреттерді көрдім. Оны маған жіберген адамдар аз емес. Тіпті қыздарым да бұл туралы айтты. Егер ол кісі шынымен үйленетін болса немесе үйленген болса, мен шын бақытты болар едім», – деді продюсер.

Баян Алагөзова отбасылық кикілжіңдерге қарамастан, балаларының әкесімен араласуына ешқашан кедергі келтірмегенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова өнердегі әріптестерінің екіжүзділігі туралы айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз