Lifestyle

«Бұрынғы күйеуім үйленсе, шын бақытты болар едім» – Баян Алагөзова

Баян Алагузова
Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі жайлы айтты / Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy, бильд-редактор: Дастан Шанай

Танымал продюсер Баян Алагөзова Qazaq Ordasy YouTube-арнасына берген сұхбатында бұрынғы күйеуінің үйленуіне қатысты алғаш рет пікір білдірді.

«Суреттерді көрдім, жасырмаймын»

Ол желіден Бақытбек Есентаевтың басқа әйелмен түскен суреттерін көргенін растады.

«Иә, желіде тараған суреттерді көрдім. Оны маған жіберген адамдар аз емес. Тіпті қыздарым да бұл туралы айтты. Егер ол кісі шынымен үйленетін болса немесе үйленген болса, мен шын бақытты болар едім», – деді продюсер.

Баян Алагөзова отбасылық кикілжіңдерге қарамастан, балаларының әкесімен араласуына ешқашан кедергі келтірмегенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова өнердегі әріптестерінің екіжүзділігі туралы айтқан еді.