Kia Soluto ең көп сатылған автокөліктердің бестігіне енді

2026 жылдың ақпан айында бағасы 6,99 млн теңгеден басталатын бұл ықшам седан еліміздегі жаңа көліктер нарығында үздік бестікке кірді.
Бұл туралы Қазақстанның Автокөлік Одағы хабарлады.
Ақпан айында қазақстандықтар 382 дана Kia Soluto сатып алған. Бұл көрсеткіш қаңтармен салыстырғанда 13,4%-ға жоғары. Қаңтар айында 337 көлік сатылған болатын.
Осылайша, 2026 жылдың алғашқы екі айында барлығы 719 автокөлік сатылып, модельге деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетті.
Kia компаниясының Қазақстандағы дистрибуция директоры Данияр Уразбаев бұл сұранысты көліктің бірқатар артықшылықтарымен түсіндірді. Оның айтуынша, модельдің сенімді конструкциясы, қажетті опциялар жиынтығы, басқарудың ыңғайлылығы, жұмсақ аспасы, кең жүксалғышы және қолжетімді бағасы сатып алушыларды тартып жатыр.
Мұның алдында Kia компаниясы Kia Niro EV электрлі кроссоверінің өндірісін тоқтатуға шешім қабылдаған еді.