1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Нысанаға №14, 18, 12, 21, 4, 11, 16, 17, 19, 1 мектептер ілінеді деп көрсеткен / фото: KursivMedia мұрағаты
Құжат қабылдау мамырда басталады / фото: KursivMedia мұрағаты

Ел мектептерінде 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады.

«Биылдан бастап 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі қайта қарастырылды. Бұған дейін жұмыс бірінші сәуірде басталатын. Ол уақытта мектептерде сабақ жүріп жатады. Мектеп басшылығы, мұғалімдер, IT саласы мамандары да оқу процесімен қарбаласып жатқанда құжат қабылдайтын. Осындай келеңсіз жайтқа жол бермеу үшін биыл 1-сыныпқа құжат қабылдауды 27 мамырға ауыстырдық», – деді министр Жұлдыз Сүлейменова.

Айтуынша, құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.

Бұған дейін министр 2026 жылдан бастап мектеп оқулықтары кезең-кезеңімен жаңартылатынын айтты.

Сүлейменованың айтуынша, қазір мектептерде қолданылып жүрген оқулықтар 2018–2019 жылдары басылған және содан бері мазмұндық тұрғыдан жаңартылмаған. Осыған байланысты олар жаңа Конституциялық өзгерістер мен заманауи талаптарға сай қайта қаралады.

Сондай-ақ оқыңыз