Lifestyle

Меруерт Түсіпбаева Танагөзді қолдап, Kaspi-іне ақша аударды

коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Меруерт Түсіпбаева үстінен сотқа арыз түскен Танагөз Толқынқызын қолдап, оның Kaspi-іне ақша аударды.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына аударылған ақшаның чегін қоса жариялады. Бірақ нақты қанша ақша екені көрінбейді. Алдыңғы цифрларын жүрекшелермен жауып қойған. Соңғы үш сан ғана – нөлдер көрінеді.

Меруерт түсіпбаева «Танакөздің кітабы 8 мың емес, мың есе құнды» деп бағалайтынын айтып, ақынды қолдауға шақырған.

«Танагөз ақын былай айтты, олай айтты деп, әйелдің артынан сығалап, статистикасын көтергендер! Танагөзге адвокат жалдауға қаражат қажет. Мен ақынның кітабын мың есе құнды деп бағаладым. Ал, сіздер, өздеріңіз білесіздер», – деп жазба қалдырды Меруерт Түсіпбаева.

Айта кететін жайт, Танагөз Толқынқызы үстінен 7-наурыз күні фейсбук парақшасында жарияланған «Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды» деген постына e-gov арқылы бір адамнан шағым түскенін айтты.

31-наурыз күні оған Сарайшық ауданы полиция бөлімшесіне келуді сұраған. Ақын полицияға адвокатсыз бара алмайтынын айтып, адвокаттың ақысын төлеу үшін кітаптарын сатуға шығарған еді.