Осы аптада Астанада жылу беру тоқтайды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

Егер ауа температурасы бес күн бойы қатарынан +10°C-тан жоғары болса, қалада жылу беру тоқтатылады. Демек осы аптада Астанада жылу беру тоқтатылады деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінен.

Синоптиктердің болжамы бойынша, осы аптада елордада күн ашық болып, аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Орташа температура +16°C шамасында болатындықтан, жылу беру маусымы осы аптада аяқталуы ықтимал.

Осы аптаға арналған ауа райы болжамы:

  • 31 наурыз: күндіз +14°C, түнде 0°C;
  • 1 сәуір: күндіз +11°C, түнде +1°C;
  • 2 сәуір: күндіз +15°C, түнде +1°C;
  • 3 сәуір: күндіз +20°C, түнде +4°C;
  • 4 сәуір: күндіз +20°C, түнде +8°C;
  • 5 сәуір: күндіз +16°C, түнде +8°C.

Дегенмен, 15 сәуірден бастап Қазақстан аумағында күн қайта суытып, температура +7°C пен +11°C аралығында болады деген болжам бар.

Осыған дейін синоптиктер антициклон әсерінен Қазақстанға аномальді жылу келеді деп болжаған. Елдің батысында күндіз +10…+20 °C-қа дейін, ал республиканың оңтүстік бөлігінде +23 °C-қа дейін жылынбақ.

Сондай-ақ оқыңыз