Ресейде 1 сәуірден бастап Telegram толығымен бұғатталуы тиіс

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Ресейде 1 сәуірден бастап Telegram толығымен бұғатталуы тиіс / Фото: Shutterstock

Ресейде 1 сәуірде Telegram толығымен бұғатталуы мүмкін. Сонымен қатар, қосымшаға ресми тыйым салынуы да мүмкін. Алайда әзірге еш ресми хабарлама болмады, бұл туралы әңгімелердің жүріп жатқанына бірнеше ай болды.

Бұған дейін ресейлік БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, толық бұғаттау 2026 жылдың 1 сәуірінде болуы мүмкін екенін жазған болатын.

Ел билігі бұған біртіндеп келді. Алдымен жекелеген функцияларды шектей бастады, кейін платформаның жұмысын баяулатты. Соңғы апталарда пайдаланушылар ақауларға жиі шағымдануда. Олардың айтуынша, медиа файлдар ұзақ жүктеледі, хабарламалар кешігіп келеді немесе мүлдем жіберілмейді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл сценарий YouTube-пен болған жағдайға ұқсайды, яғни сервисті бірден өшірмей, адамдардың өздері басқа платформаларға ауысуы үшін оны пайдалануды ыңғайсыз етеді.

Бұл Қазақстан үшін нені білдіреді?

Telegram-ның өзі елде жұмыс істей береді. Бірақ ресейлік арналардың бір бөлігі уақытша жоғалып кетуі немесе сирек жаңартылуы мүмкін. Сондай-ақ, егер арна админдері Ресейде болса, іркілістер болуы ықтимал.

Осыған ұқсас жағдай Instagram-мен де болған. Алдымен контент ішінара істемей, кейін пайдаланушылар жаппай VPN арқылы кіре бастады және уақыт өте келе бәрі қайта ашылды.

Сондай-ақ оқыңыз