Жетісу облысында жер сілкінді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
жер сілкінісі
Жетісу облысында жер сілкінді/ фото: shutterstock

Жетісу облысында жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлауынша, жер сілкінісі 31 наурыз сағат 11:11-де тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан.

Эпицентр координаттары: 44.609º с.е., 79.709º ш.б.

Тереңдігі – 10 км.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.7.

Магнитудасы MPV – 5.4.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі сезілді:

  • Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында – 2 балл;
  • Жетісу облысы Текелі қаласы 2  – балл;
  • Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы – 2 балл.

Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз