
Араға жиырма жыл салып Superstar жобасы қайта жалғасын таппақ. Бұл туралы әнші Бақыт Тұрман хабарлады.
«Сіздерге керемет жаңалық айтқым келеді. Талай жұлдыздардың бағын жандырған Superstar KZ жобасы жиырма жылдан кейін қайтадан көрермендермен қауышайын деп жатыр», – деді Бақыт Тұрман.
Әнші жас таланттарға қойылатын талаптар туралы да айтып берді. Қатысушылардың жасы 16-25 жас аралығында болуы шарт.
Бақыт Тұрманның айтуынша, 4-16 сәуір аралығында Superstar KZ жобасы Қазақстанның ірі қалаларында оффлайн кастинг өткізбек.
Кастингтерге тікелей барып қатысуға болады. Оған қатыса алмағандар Superstar KZ телеграм парақшасына өнері көрсетілген видеоны жіберуге де мүмкіндік бар.
«Өз жұлдыздарыңызды жағуға асығыңыздар. Бұл – керемет мүмкіндік. Superstar KZ қайта оралуда. Қатысушыларға сәттілік тілеймін», – деді Бақыт Тұрман.
Мұның алдында Бақыт Тұрман ауызашарға қатысты мазалайтын сұрақтар туралы айтып берген еді.