Банк пен қаржы

2 сәуірге арналған доллар бағамы

доллар мен теңге бағамы
Доллар бір жарым жыл бұрынғы бағамға қайта оралды / фото: shutterstock

2 сәуір, бейсенбіге арналған доллар бағамы мәлім болды. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде 1 доллар 475,09 теңге деп белгіленді.

Ұлттық валюта бір тәуліктің ішінде шамамен 3 теңгеге нығайды. Осылайша доллар бағамы 2024 жылғы шілдедегі төмен көрсеткішке қайта оралды. Айта кетейік, кейінгі бір айда төл теңге шамамен 25 теңгеге күшейді.

Қазір елдегі екінші деңгейлі банктер мен валюта айырбастау мекемелерінде доллар 474-476 теңге шамасында саудаланып жатыр. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 474 теңгеден қабылданып, 476 теңгеден сатылады. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл қымбат – 473 және 480 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллардың арзандап, теңгенің күшею себебін түсіндірген.