
4 сәуірден бастап Алматыда №130 автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінен хабарлады.
Жаңа маршрут Қалқаман шағынауданындағы №7 қалалық аурухананы «Көктөбе» соңғы аялдамасымен байланыстырады. Алғаш рет қоғамдық көлік жүрмеген Бұқар жырау бульварын қамтиды. Одан бөлек Райымбек батыр даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Достық даңғылы және Сәтбаев көшесі арқылы жүреді.
«Алматыэлектротранс» ЖШС басқаратын бұл бағытта күн сайын 15 жаңа Yutong автобусы қатынайды. Әрқайсысы кемінде 80 адамға шақталған. Таңғы 05:30-дан түнгі 23:00-ге дейін қызмет көрсетеді.Автобустардың келу жиілігі – шамамен 9 минут.
Еске салайық, 4 сәуірден бастап Алматы автобустарында жаңа төлем жүйесі енгізіледі. Ол туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.