Lifestyle

Асқар Жұмабек дауласқан қызды түрмеге жапқысы келетінін айтты

Асқар Жұмабек / фото: Instagram
Асқар Жұмабек / фото: Instagram

Актер Асқар Жұмабек сөзге келіп қалған Айнұр Нарзиева (nai_ainura) есімді модельді түрмеге жабу туралы оқырмандарынан ақыл сұрады.

Оның айтуынша, актер он күнге бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп шыққан.

«Мені он тәулікке не үшін жапты? Боқтағаным үшін емес, қоғамдық ортада тәтіп бұзды деп он тәулікке бас бостандығымнан айырды. Мен жалғыз өзім қоғамдық ортада тәртіп бұзған екенмін. Фото студияға кіріп, өзіммен өзім ұрсысып, қабырғаларды боқтап, адамдардың мазасын қашырып, жалғыз өзім тәртіп бұзыппын», – деді актер.

Оның айтуынша, сотта судияның өзі «Асқар, резонанс болып кетті, сол үшін сізді он тәулікке бас бостандығыңыздан айыруға тура келіп тұр» деген көрінеді. Әйтпесе, айыппұлмен де құтылатын нәрсе екен.  

«Бірақ ол (Айнұр Нарзиева – ред) бір-бірімізге балағаттап, жаман сөздер айттық деп айтпайды. Мені ғана боқтады деп отыр. «Артық сөйлесем, көңіліңе тиіп кеткен нәрсе болса, сенен кешірім сұраймын. Сенің мамаңнан да кешірім сұраймын» дедім. Халықтың алдына шығып кешірім сұрау туралы әңгіме де болған жоқ», – дейді Асқар Жұмабек.

Актер өзінің жазасын өтегенін, қыздың да айыбы аз емес екенін айтты.

«Мен өзімнің он тәулігімді отырып шықтым. Қаласаңыздар, мен де ол қызды жапқызайын. Шулатайын. Мен де соның дәрежесіне түсейін. Ана жақты он күнге барып, көріп келсін. Халық болып, «иә» десеңіздер, ол қызды жапқызайын. Керек емес десеңіздер, әр комментарийді оқитын боламын. Пікірлеріңізді білейін», – деді актер.

Мұның алдында Асқар Жұмабек жанжал болғанын растап, жағдайды өз тарапынан түсіндіріп берген еді.