Бибісара Асаубаева үміткерлер турнирінің төрт турында көш бастап келеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Бибісара Асаубаева
Бибісара Асаубаева үміткерлер турнирінің төрт турында көш бастап келеді / Фото: FIDE.kz

Блицтен үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева 4-ші турда қытайлық Тань Чжунъимен тең ойнап, украиналық Анна Музычукпен бірге шахмат тәжіне үміткерлер додасында көш бастап тұр.

ҮМІТКЕРЛЕР ТУРНИРІ-2026 

4-ші тур. 1 сәуір 

Бибісара АСАУБАЕВА (Қазақстан, 9) – ТАНЬ ЧЖУНЪИ (Қытай, 6) 0,5:0,5

Анна МУЗЫЧУК (Украина, 8) – Катерина ЛАГНО (ABLT, 10) 1:0

Вайшали РАМЕШБАБУ (Үндістан, 18) – Александра ГОРЯЧКИНА (ABLT, 7) 0,5:0,5

Дивья ДЕШМУКХ (Үндістан, 12) – ЧЖУ ЦЗИНЬЭР (Қытай, 2) 0:1.

Әлемнің 16-шы чемпионымен (2017-2018) болған партияда ақ фигуралармен ойнаған Асаубаева дебюттен кішігірім басымдықпен шыға алды. Кейіннен Тань Чжунъи нақты қорғана білді. Күрделі эндшпильде қазақстандық шахматшының шешуші шабуыл жасауға материалы жетпеді. Ақтардың 46-шы жүрісінен кейін (диаграмманы қараңыз) шахматшылар тең ойынға келісті.

Дереккөз: chess.com 2,5 ұпай жинаған Асаубаева турнир кестесінің басында қалды. Ресейлік Катерина Лагноны жеңген украиналық Анна Музычуктің де еншісінде осындай ұпай бар. 4-ші турға дейін Лагно біздің шахматшымен бірге шыңда тұрған еді. Бірінші демалыс күнінен кейін өтетін 5-ші турда Асаубаева қара фигуралармен дәл осы Лагноға қарсы ойнайды.

ҮМІТКЕРЛЕР ТУРНИРІ-2026 

4-ші тур. 1 сәуір

Жавохир СИНДАРОВ (Өзбекстан, 12) – Фабиано КАРУАНА (АҚШ, 3) 1:0

ВЭЙ И (Қытай, 7) – Хикару НАКАМУРА (АҚШ, 2) кейінірек аяқталады

Андрей ЕСИПЕНКО (ABLT, 33) – Аниш ГИРИ (Нидерланды, 8) 0:1

Маттиас БЛЮБАУМ (Германия, 32) – Прагнанандха РАМЕШБАБУ (Үндістан, 13) 0,5:0,5 

Ерлер арасында бірінші демалыс алдында жеке дара көшбасшы анықталды. Ол ақ фигуралармен Фабиано Каруананы жеңген өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров болды. Бүгінге дейін ташкенттік шахматшымен бірге көш бастап келген америкалық екінші орында қалды.

Үміткерлер турниріне 16 шахматшы (ерлер мен әйелдер) қатысуда. Ойын барысында қазіргі әлем чемпиондары үндістандық Доммараджу Гукеш пен қытайлық Цзюй Веньцзюньмен тәж үшін өтетін матчтарға жолдама сарапқа салынады. Жарыс Кипрдің Пафос қаласының маңындағы Пейя курорттық мекенінде өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз