Lifestyle

Ерболат Әлқожа Талғардағы «23 жылдық тарихы бар» ойдым жолды көрсетті (видео)

Актер төмпешікті Талғардың символына айналдыруды ұсынды / фото: Instagram
Актер төмпешікті Талғардың символына айналдыруды ұсынды / фото: Instagram

Актер Ерболат Әлқожа Талғардағы «23 жылдық тарихы бар» ойдым жолды көрсетті. Ол осы люкті Талғардың символына айналдыруға ұсыныс жасады.

«Талғарда 23 жылдам астам тарихы бар люк, жолдың ортасындағы төмпешікті қараңыздар. Мен 2003 жылы Талғарға көшіп келдім. Ол кезде бұдан да терең болатын еді. Талғарға келгендердің бәрі осы төмпешікке кездескен шығар», – деді актер.

Ерболат Әлқожаның сөзіне қарағанда, Талғар жолдарының ойылғанына бір аптадан асты. Бірақ әлі жасалмаған.

«Бәрін ойып тастаған. Бірақ, неге екенін білмеймін, әлі жасамай жатыр. Той шығып қалды. Талғардың осы аңызға айналған люгін білетіндер, қай жылдардан бері бар екенін жазып кетіңіздер. Менің білетінім, 23 жылдан асты», – дейді ол.

Ерболат Әлқожа осы люкті Талғардың бір ерекшелігі ретінде қалдыруды ұсынып отыр. Оның айтуынша, Талғарға келген адамдар көлігімен осы төмпешікті басып өзін «бақытты» сезінуі мүмкін.

Мұның алдында актер жұбайынан күтпеген сыйлық алды. Керемет иіссу мен жұбайының сезімін білдірген хаты оны қатты толқытты.