Ибрахим Жанлыел Air Astana бас атқарушы директоры қызметіне кірісті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Air Astana ,ас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел
Ибрахим Жанлыел / фото: Air Astana баспасөз қызметі

Түрік азаматы Ибрахим Жанлыел 1 сәуірде Air Astana бас атқарушы директоры (CEO) қызметіне кірісті. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа басшы келді

Ресми мәліметке қарағанда, жаңа басшы «операциялық орнықтылықты нығайтуға, тұрақты өсімді қолдауға және Air Astana мен FlyArystan аясындағы екі брендті стратегияны ілгерілетуге» назар аударады.

«Мен Air Astana-ны басқаруды және компанияның табысты даму тарихының ары қарай жалғастыруды асыға күтемін. Мақсатымыз – Орталық Азиядағы хабтарымыз арқылы ұшатын жолаушылар үшін таңдаулы әуе компаниясы ретіндегі жайғасымызды нығайту», – дейді топ-менеджер.

Жанлыел туралы

Ибрагим Жанлыел 1971 жылы туған. Ол – Түркия азаматы. Мармара университетінде экономика бакалавры, сонымен бірге Босфор университетінде MBA дәрежесін алған. Кейін Ұлыбританиядағы Крэнфилд менеджмент мектебінде директорды дамыту бағдарламасын аяқтаған.

Қызметтегі мансабын 1994 жылы туризм менеджменті саласында бастаған. Содан кейін KLM, Northwest Airlines және Alitalia сияқты әуе компанияларды басшылық қызмет атқарған.

Жанлыел «Эйр Астанаға» 2003 жылы келді. 2017 жылға дейін түрлі депардаменттерде директор, вице-президент аға вице-президент қызметтерін атқарған. Сегіз жыл бұрын қаржы директоры болып тағайындалған. Енді бас атқарушы директор қызметіне дейін өсті.

Топ-менеджердің жеке өмірі туралы ашық мәлімет аз. Ресми профильдерде негізінен оның кәсіби жағы ғана көрсетілген.

Әлеуметтік желілердің бірқатарына тіркелген. Instagram-дағы парағы көпшілікке жабық тұр. Threads-ке тіркелгенімен, онда ештеңе жазбаған.

«Эйр Астана» әуе компаниясының басшылары ауысатыны 2025 8 қазанда мәлім болды. Компанияны 20 жыл атқарған Питер Фостер зейнетке шықты.

Сондай-ақ оқыңыз