АҚШ Ресей мұнайын Қытайға жеткізуге берілген рұқсат мерзімін ұзартты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Ресей мұнайын тасымалдауға берілген лицензия ұзартылды / Фото: shutterstock

АҚШ билігі Қазақстан аумағы арқылы ресейлік мұнайды Қытайға тасымалдауға ресми түрде рұқсат берді. АҚШ Қаржы министрлігінің бұл шешімі (OFAC лицензиясы) 2027 жылдың 19 наурызына дейін жарамды болады. Бұл қадам әлемдік нарықтағы жағдайдың қиындауына байланысты жасалып отыр.

Бұл шешімнің себебі неде?

Қазір мұнай нарығында жағдай тұрақсыз. Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен Парсы шығанағындағы, әсіресе, Ормұз бұғазындағы қауіп-қатер мұнай жеткізу ісін қиындатып жіберді.

Сондықтан АҚШ Қазақстан арқылы өтетін қауіпсіз құрлық жолын сақтап қалуды жөн көрді. Бағытпен күніне 200 мың баррельге жуық мұнай өтеді, бұл нарықтағы тепе-теңдікті ұстап тұру үшін өте маңызды.

Қазақстан үшін маңызы қандай

Бұл рұқсат Қазақстанның транзит ел ретіндегі беделін нығайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстан арқылы жылына 10 млн тонна ресейлік мұнай Қытайға жөнелтіледі.

Енді екі ел бұл көлемді тағы 25%-ға арттырып, жылына 12,5 млн тоннаға жеткізуді талқылап жатыр. Арнайы лицензияның болуы қазақстандық компанияларды санкция қаупінен қорғайды және жұмыстың үзілмеуін қамтамасыз етеді.

АҚШ тек транзитке ғана емес, ресейлік «Лукойл» компаниясының активтерін сату бойынша операцияларға да шектеуді азайтып, оның мерзімін 2026 жылдың 1 мамырына дейін ұзартты.

Бұған дейін АҚШ пен ЕО санкцияларынан сескенген қытай компаниялары ресей мұнайынана бас тартып жатқаны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз