Жаңалықтар

Қамшыбек Тәшиевтің туған інісі ұсталды

Шаирбек Тәшиев / фото: ашық дерек көзі
Шаирбек Тәшиев / фото: ашық дерек көзі

Қырғызстанда Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Шаирбек Тәшиев сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталды.

24.kg ақпаратына қарағанда, бұл туралы Қырғызстан Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Экс-депутат қамалды

Ол Қырғызнефтегаз ашық акционерлік қоғамындағы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталған.

Тергеу барысында ІІМ бұрын Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы болған Қамшыбек Тәшиевтің туған інісі, экс-депутат Шаирбек Тәшиевті ұстады.

Күдікті Бішкек қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ресми айып

Қылмыстық қудалауға негіз болған – Салық қызметінің тергеуі. Онда 2021–2025 жылдар аралығында «Қырғызнефтегаз» компаниясында ірі көлемдегі қаржы жымқыру фактілері анықталған. Тергеу деректеріне сәйкес, күмәнді делдалдық схемалар мен шикізатты негізсіз есептен шығару салдарынан мемлекеттік компанияға 4 миллиард сомнан астам шығын келтірілген. Қаржылық операцияларды талдау барысында пайда жеке құрылымдардың пайдасына шығарылған үш арна анықталған. Тергеу оларды бұрынғы МҰҚК басшылығының жақын айналасымен байланыстырады.

Төрт күдікті

Бұған дейін Бішкектегі Первомай аудандық соты осы іс бойынша төрт күдіктіні 2026 жылдың 16 мамырына дейін қамауға алу туралы шешім шығарған. Олардың қатарында басқарма төрағасының бұрынғы төрағасы, оның орынбасары және байланысты жеке компаниялардың басшылары бар.

Сондай-ақ осы іс аясында ІІМ Мелис Тургунбаевті де ұстаған болатын. Кейін Бішкек қалалық соты оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, үйқамаққа жіберді.

Мұның алдында Қырғыз МҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің жақтаушысы Нұрғазы Анаркулов Бішкектің уақытша ұстау изоляторына қамалды.