Қырғызстанда ер адам балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ-мен жасалған, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қырғызстанда ер адам балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан. Қауіпті затты балалардың анасы байқап қалып, полицияға хабарлаған.

Бішкек тұрғыны 11 жастағы қызы мен жанындағы басқа балалардың қолындағы кәмпиттен ине байқап қалады. Дүкендегі бейнебақылау камералары арқылы күдіктіні анықтап, полицияға хабарлаған.

«Жүргізілген тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде милиция қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Ол Н.Д. есімді азамат болып шықты және Тергеу қызметіне жеткізілді. Қырғыз Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 96-бабына сәйкес, ол Бішкек қалалық ІІББ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Бішкектегі Ленин ауданы Ішкі істер басқармасы.

Оның тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту кезінде кәмпиттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыз